«Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 90 Қаулысы

Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 90 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысын басқару схемасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 33/2 шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы функциялар, өкілеттіктер мен штат бірліктері берілсін.

3. Мыналар бекітілсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгерістерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.