ҚР СТ ISO 26261-4-2018
Пиротехникалық бұйымдар
IV санат
4-бөлім. Таңбалауға және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын ең төменгі талаптар
(ISO 26261-4:2017 Fireworks. Category 4. Part 4. Minimum labelling requirements and
instructions for use, IDT)
Мазмұны
4. Таңбалауға қойылатын минимал талаптар
5. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар
Кіріспе
Осы стандарт мынадай бөлімдерден тұрады:
- Пиротехникалық бұйымдар. IV санат. 1-бөлім. Терминология.
- Пиротехникалық бұйымдар. IV санат. 2-бөлім. Талаптар.
- Пиротехникалық бұйымдар. IV санат. 3-бөлім. Сынау әдістері.
- Пиротехникалық бұйымдар. IV санат. 4-бөлім. Таңбалауға және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын ең төменгі талаптар.
Осы стандарт таңбалауға қойылатын минимал талаптарды және IV класты пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша міндетті нұсқаулықтарды белгілейді.
Осы стандарт имараттарда немесе кино және теледидарлық қойылымдарды ашық ауада немесе ұқсас қолданыстарды қоса отырып ашық ауада қолдану үшін тағайындалған театрлық пиротехникалық өнімдерге таралмайды.
Осы стандартты қолдану үшін мына сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың (оның барлық өзгертулерін қосқанда) соңғы басылымын қолданады:
ISO 26261-1:2017 Fireworks. Category 4. Part 1. Terminology (Пиротехникалық өнімдер. 4-категория. 1-бөлім. Терминология).
ISO 26261-2:2017 Fireworks. Category 4. Part 2. Requirements (Пиротехникалық өнімдер. 4-категория. 2-бөлім. Талаптар).
Осы стандартта ISO 26261-1 бойынша терминдер қолданылады.
4. Таңбалауға қойылатын минимал талаптар
Пиротехникалық бұйымдар 4.2 - 4.12 белгіленген ең аз ақпаратты көрсете отырып таңбалануы тиіс.