«Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 127 бұйрығы

«Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 127 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 «Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21902 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларында:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру, спортшының дене бітімінің дамуы, денсаулығының жай-күйі, денсаулық жағдайының ауытқуын ертерек анықтау, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындығы оның ішінде функционалдық жай-күйі және серпіндегі оның физикалық жұмысқа қабілеттілігінің көрсеткіштері туралы неғұрлым толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында спорт медицинасы және оңалту ұйымдарымен өткізіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.