«Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 4-қосымша) (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.28.01. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.05.05. № 228 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 323 бұйрығына

4-қосымша

 

«Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш»
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)



1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жер қойнауы учаскесін өзгерту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Жер қойнауы учаскесін қайта өзгерту қағидалары» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы «Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі - тізбе) 10 -тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтініш ұсынады. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.