«Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 386 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі туралы» 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (№ 4725-пен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы 11 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»;
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;