«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 3 шілдедегі № 335 бұйрығы

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 3 шілдедегі № 335 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Түсушіге ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, сондай- ақ өтініштерді қабылдау кезеңінде ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш бермегендерге тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:»;

74-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74-1. Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;

2) күнтізбелік жылғы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.