Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы
(2026.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 196 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.24.11. № 473 бұйрығымен (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.26.05. № 196 бұйрығымен (2026 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.23.05. № 172 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.24.11. № 473 бұйрығымен (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.04.04. № 91 бұйрығымен (2024 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;