(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ИНСПЕКЦ...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығы

(2017.30.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 25-02/457 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман

 күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз)

үлгілері


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілері Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-17) тармақшасына сәйкес әзірленді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.01. № 43 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.