Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.