«Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 56 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 5) тармақшасының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды, оның ішінде үлестік және/ немесе мезониндік қаржыландыруды жүзеге асыру:».
8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:
«Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту» бағыты шеңберінде:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнім экспорты;».
8-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импортты кедендік әкелу баждарын және қосылған құн салығын төлеуден босату:
«Еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде:
өнімді оқшаулау деңгейін арттыру (Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмемен расталатын технологиялық операциялар санын ұлғайту);
«Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету» бағыты шеңберінде: