«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 508-3859 Қаулысы

«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 508-3859 Қаулысы

 

Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының қосымшасындағы жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласы әкімдігінің

2020 жылғы 6 қазандағы

№ 508-2075 қаулысына

қосымша».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі

Ж. Қасымбек

 

«КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

Астана қаласы әкімдігінің

2022 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 508-3859 қаулыға

қосымша

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2020 жылғы 6 қазандағы

№ 508-2075 қаулысына

Қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.