Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 56 бұйрығына 3-қосымша) (2020.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

3-қосымша

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.02. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу

 қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану

қағидалары

(2020.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.02. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.09.10. № 983 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін белгілейді.

ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне, Заңның 55-бабында көзделген көтермелеуден басқа, көтермелеудің мына түрлері қолданылады:

1) атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бiр саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбын белгілеу;

2) кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу;

3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.