«Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 12 шілдедегi № 53/522 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бюджеттік өтінім (қажеттілік есебі) осы Қағидаларға 1,1-1,2,3,4,5,6, 6-1,7,8-қосымшаларға сай нысандар бойынша сайлау науқанын өткізуге арналған қаражаттың қажеттілік есептері негізінде жасалады.»;
10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10. Қажеттілік есептері осы Қағидаларға 1-1,2,3,4,5,6,6-1 және 7-қосымшаларға сай бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша ұсынылады;
Мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 142 «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі Аумақтық сайлау комиссиясының осы Қағиданың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір және көп рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды.» осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: