ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 31 желтоқсан
№ 485
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 485 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын осы біліктілік талаптары (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, сондай-ақ облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына (бұдан әрі - мемлекеттік саяси лауазымдар) орналасуы үшін әзірленді және осы мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасуға үміткер (бұдан әрі - кандидат) азаматтарға қойылады.
2. Мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын талаптар:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) құзыреттер бойынша талаптарды;
3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды қамтиды.
2-тарау. Білімі бойынша талаптар