«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы