«Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Консультациялық- диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консультациялық - диагностикалық көмек көрсету қағидаларында:
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Консультациялық-диагностикалық көмекті «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте алынған қызметтің көрсетілген түріне мемлекеттік лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді»;
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;