Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 Бұйрыққа 2-қосымша
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2026.23.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.12.04. № 95 бұйрығымен (2023 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.05. № 117-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына мүлікке иелік ету үшін анықтамалар беру тәртібін айқындайды.
2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022.03.10. № 414 бұйрығымен (2022 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда