«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 451 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшысы бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетудің диспетчерлік пункттерінің (секторларының) өткізу қабілетін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - Өткізу қабілетін айқындау әдістемесі) сәйкес ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің (секторларының) өткізу қабілетін есептеуді қамтамасыз етеді. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші есептеу нәтижесінде алынған өткізу қабілеттілігінің белгіленген көрсеткіштері шеңберінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. ӘҚҚ органдарының өткізу қабілетін және әуе қозғалысының көлемін реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау кезеңдерінде жүзеге асырылады.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: