«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 324-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

11-тармақтағы «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт» деген сөздер алып тасталсын;

12-тармақта:

бірінші бөліктегі «немесе куәлік бермей бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізеді» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне» деген сөздер алып тасталсын;

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші бөліктегі «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне» деген сөздер алып тасталсын;

15-тармақта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацтағы және 2) тармақшадағы «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың» деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақшадағы «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың» деген сөздер алып тасталсын;

«тиісті шарт» деген сөздер «қызметті жүзеге асыру туралы шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;

16-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші бөлік алып тасталсын;

17-тармақта:

бірінші бөлікте:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

екінші бөлікте:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

үшінші бөліктегі «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

6) 20-бапта:

тақырыптағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақта:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

«немесе тұлғамен» деген сөздер алып тасталсын;

«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт» деген сөздер алып тасталсын;

«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақта:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;

«немесе тұлғаға» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақта:

бірінші абзацта:

«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

1) тармақшада:

«немесе тұлға» деген сөздер алып тасталсын;

«алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «немесе тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақшадағы «немесе тұлға», «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтағы «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт» деген сөздер алып тасталсын;

7) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;

8) 25-баптың 1-тармағында:

«аумағында» деген сөзден кейін «қызметті» деген сөзбен толықтырылсын;

«басым және (немесе) бейінді емес қызмет түрлерін» деген сөздер алып тасталсын;

9) 37-бапта:

1) тармақшада:

«, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен» деген сөздер алып тасталсын;

«қатысушылар мен тұлғаларды» деген сөздер «қатысушыларды» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақша алып тасталсын;

8) тармақшадағы «және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар» деген сөздер алып тасталсын;

11) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;»;

10) 39-бапта:

2) тармақшадағы «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген шарттар бұзылған жағдайда, жобаны, оның ішінде жер учаскелерінің жобасын сәйкестікке келтіру;»;

4) тармақшадағы «және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты» деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақшадағы «және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды» деген сөздер алып тасталсын;

10) тармақшадағы «және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар» деген сөздер алып тасталсын;

19) тармақшадағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;

21) тармақшадағы «және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;

11) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) жобаны іске асырудың жоспар-графигіне жобаны іске асыру барысында үш реттен асырмай, мерзімдеріне өзгерістер енгізу жоспарланатын кезеңнің алдындағы жобаны іске асыру кезеңдері болған кезде осындай кезеңдерде жоспар-графикте көрсетілген міндеттемелер орындалған жағдайда, арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актіде айқындалған осы аймақтың жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге өзгерістер енгізуге;»;

12) 41-1-бап алып тасталсын;

13) 42-бапта:

тақырыптағы және бірінші абзацтағы «және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацта:

«және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты» деген сөздер алып тасталсын;

«және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші абзацтағы «және бейінді емес қызметті жүзеге асыратын тұлғалар» деген сөздер алып тасталып, «осы Заңға сәйкес жүргізеді.» деген сөздер «осы Заңға сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«бірыңғай үйлестіру орталығы басқарушы компаниядан немесе арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан талаптардың орындалу мәртебесін айқындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрату арқылы не арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт бойынша міндеттемені бұзғаны анықталған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы анықтаған бұзушылықтардың жойылмағаны туралы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының хабарламасы негізінде жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

14) 45-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) уәкілетті органмен міндетті түрде келісе отырып, индустриялық аймақтарды салалық жоспарлау;»;

15) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) жобаны іске асырудың жоспар-графигіне жобаны іске асыру барысында үш реттен асырмай, мерзімдеріне өзгерістер енгізу жоспарланатын кезеңнің алдындағы жобаны іске асыру кезеңдері болған кезде осындай кезеңдерде жоспар-графикте көрсетілген міндеттемелер орындалған жағдайда, индустриялық аймақты құру туралы тиісті актіде айқындалған осы аймақтың жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге өзгерістер енгізуге;»;

16) 47-бап:

үшінші абзацтағы «осы Заңға сәйкес жүргізеді.» деген сөздер «осы Заңға сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«бірыңғай үйлестіру орталығы басқарушы компаниядан немесе индустриялық аймақтың қатысушысынан талаптардың орындалу мәртебесін айқындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрату арқылы не индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт бойынша міндеттемені бұзғаны анықталған жағдайда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы анықтаған бұзушылықтардың жойылмағаны туралы индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының хабарламасы негізінде жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте индустриялық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

17) 58-бапта:

5-тармақтағы «осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актіде айқындалған осы аймақтың» деген сөздер «арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Осы Заңның 58-бабының 6-тармағында көзделген ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жыл ішінде шарттар жасасқан арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары қызметті жүзеге асыру туралы шартты осы Заңның 51-баптың 2-тармағына сәйкес салықтық преференцияларды қолдану санаттарына сай жобаны іске асыру мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.».

15. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

1) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) өнеркәсіптік кластер - өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын ұйымдар тобы;»;

23-1) тармақшадағы «жүзеге асырылатын» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-баптың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;

3) 9-бапта:

6) тармақша алып тасталсын;

16), 17), 18) және 20) тармақшалардағы «аумақтық» деген сөз «өнеркәсіптік» деген сөзбен ауыстырылсын;

39) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 41-3), 41-4) және 41-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«41-3) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

41-4) өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

41-5) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

4) 13-баптың 2-тармағында:

2) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«өндірістік қуаттар теңгерімін бағалауды қалыптастыру;»;

4) тармақшадағы «аумақтық» деген сөз «өнеркәсіптік» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 17-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) өнеркәсіптік кластерлер;»;

6) 23-бапта:

тақырыптағы «Аумақтық» деген сөз «Өнеркәсіптік» деген сөзбен ауыстырылсын;

1, 2, 3 және 4-тармақтардағы «Аумақтық», «аумақтық» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік», «өнеркәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

«5. Мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасында қалыптасатын өнеркәсіптік кластерлерді құру мен дамытуды қолдауды жүзеге асырады.

6. Жүйе құраушы кәсіпорындарды және олармен байланысты шикізатты, материалдарды, құрамдастарды, жартылай фабрикаттарды, жабдықты өндірушілер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынушыларды қоса алғанда, жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасындағы өнеркәсіптік кластерлерге қатысушыларға осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

7. Жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасындағы өнеркәсіптік кластерлерді мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін, оларды ұсыну шарттары мен тәртібін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;

7) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау ескеріле отырып ұсынылады.

Өндірістік қуаттар теңгерімін бағалауды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесіне сәйкес қалыптастырады.»;

8) 27-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«елішілік құндылықты дамыту;

өндірістің технологиялық процесінің күрделілігін арттыру;

өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың объектілерін салу кезеңінде Қазақстанда шығарылған тауарларды қолдану;

өндірілетін өнімде отандық шикізатты және (немесе) материалдарды пайдалану.»;

9) 29-баптың 11) тармақшасындағы «аумақтық» деген сөз «өнеркәсіптік» деген сөзбен ауыстырылсын;

10) 37-баптың 2-тармағында:

бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шот» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік алып тасталсын;

11) 39-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шот» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 40-бапта:

тақырып пен 1 және 2-тармақтардағы «Аумақтық», «аумақтық» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік», «өнеркәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

«аумақтық» деген сөз «өнеркәсіптік» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шот» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 42-1-бапта:

1-тармақтағы «моторлы көлік құралдарын» деген сөздер «көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы «моторлы көлік құралдарын» деген сөздер «көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Лизингтік компания арнаулы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына арналған қаржы лизингі шарты негізінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баж салығынан босатылады.»;

14) 42-2-бапта:

3-тармақтағы «уәкілетті орган арнаулы» деген сөздер «уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды тарта отырып, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

15) 51-3-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген электр, жылу және өзге де энергия түрлері.»;

3-тармақ «мәліметтерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ электр, жылу және өзге де энергия түрлерін өндірушілер туралы мәліметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 51-4-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстандық тауар өндірушіге қатысты басқа қазақстандық тауар өндірушілерден тізілімде болу талаптарына сәйкессіздігі туралы шағымдар келіп түскен кезде салалық мемлекеттік органдар осы Заңның 51-1-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен шығу инспекциясын жүзеге асыру арқылы тізілімге мониторинг жүргізуі мүмкін. Шығу инспекциясының қорытындысы бойынша тізілімде болу талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы іс жүргізуді бағалау актісі жасалады.»;

17) 51-6-баптың бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы «өтініші негізінде жүзеге асырады.» деген сөздер «өтініші;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы Заңның 51-4-бабының 1-1-тармағына сәйкес жасалған, тізілімде болу талаптарына сәйкессіздігі туралы іс жүргізуді бағалау актісі негізінде жүзеге асырады.»;

18) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:

«60-1-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын қайталама ресурстармен қамтамасыз ету

1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын қайталама ресурстар ретінде түсті және қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

2. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат негізінде жүзеге асырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы заңды тұлғалардың өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металдардың сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуі кезіндегі қызметіне қолданылмайды. Аталған заңды тұлғалар түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған заңды тұлғаларға өткізеді.

3. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар:

1) қабылдау пункттерін тұрғын аймақтардың және жеке қоғамдық ғимараттардың шекараларынан қауіпсіз (кемінде тоғыз метр) қашықтықта орналастыруға;

2) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу мақсатында тек заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының өндірістік базасының аумағынан тиеп жөнелтуге;

3) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алу-сату шарты және (немесе) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдау туралы жүкқұжат негізінде қабылдауға;

4) түсті және (немесе) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақы төлеуге тиіс.

4. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды, шаруа немесе фермер қожалықтарын қоспағанда, жай серіктестіктен немесе жеке тұлғалардан рельстерді, теміржол төсемінің және жылжымалы құрамның элементтерін, кәріз құдықтарының қақпақтарын қабылдауға тыйым салынады.»;

19) 61-1-бапта:

2-тармақтың бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «жасасу» деген сөз «жасасу және орындау» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ «іс-қимылдары,» деген сөзден кейін «оларды орындау бойынша индикаторлар,» деген сөздермен толықтырылсын;

20) мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:

«64-1-бап. Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

Моторлы көлік құралдарына арналған шанақтардың СЭҚ ТН коды бойынша көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 24) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен талаптарына сәйкес мынадай талаптар орындалған кезде жасалады:

1) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшеріндегі сомаға өндірістік активтердің болуы;

2) дайын көлік құралын жасап шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімдер шеңберінде жасап шығарылған көлік құралдарының шассиін пайдалану.».

2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым

            № 324-VIII ҚРЗ