«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 750 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.