«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 21 мамырдағы № 172 Қаулысы (күші жойылды)

Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 21 мамырдағы № 172 Қаулысы

 

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32941 тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын:

1)«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2. «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа тақырыпта бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.