«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 258 Қаулысы
(2018.28.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облысәкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.