«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 443 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 443 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларында:

1-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібі»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. ӘК-нің жаңа түріне қайта даярлау, сертификатталған оның ішінде уәкілетті ұйым мойындаған шетелдік авиациялық оқу орталықтарында да жүргізіледі;»;

51-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ӘКК үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен Авиакомпанияның (пайдаланушының) ӘК-нің типі бойынша ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға (бұдан әрі - ҰЖЖН) сәйкес бекітілген нұсқаушымен бірге қатарға енгізу бағдарламасының 50%-дан кем емес көлемде ұшу жаттығуы, ал екінші ұшқыштар үшін - әуеайлақтық немесе өндірістік жағдайларда кемінде бес ұшу көлемінде жаттығу;»;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Ұшуды талдау бөлінеді:

1) экипаждағы ұшудан кейінгі талдау әрбір ұшудан кейін, авиациялық жұмыстарда ұшу күні аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.