«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13816 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кредиттік және лизингтік міндеттемелер - қаржы институты алдында айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа арналған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға арналған кредит/лизинг алуға байланысты туындаған, осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдануға болатын қарыз алушының міндеттемелері;

2) кредиторлық міндеттемелер - өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы, технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты қарыз алушының міндеттемелері, сондай-ақ басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.