Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 706 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне канализациялық коллекторды жүргізу және пайдалану үшін Қостанай қаласы, Кәмшат Дөненбаева көшесі мекенжайында орналасқан, елді мекендердің жері санатынан жалпы алаңы 0,1556 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.