Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет
қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 шілдедегі № 4С-25-6 қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Еріп баратын тұлғаны алуға құқығы бар:
18 жасқа дейінгі балалардың;