(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК К...

Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы

(2023.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.01.02. № 35 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2023.09.01. № 4 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.