«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 73 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 73 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықта:

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке:

1) оннан аспайтын филиалы бар:

күнделікті мәліметтерді - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.