«Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 97-н/қ бұйрығы

Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 97-н/қ бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 63-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы

 

А. Саткалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.