Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 749 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағының төртінші, алтыншы, сегізінші, он екінші, он үшінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын, 3-тармағының үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 749 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 520 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары үш жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмаларымен электрондық түрде төлем жүйелері операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында аударылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.