«Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29882 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы мониторингі субъектілерімен «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді алу мақсатында әзірленген.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: