«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 385 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 385 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Балық аулау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатында аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.»;

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.