«Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 899 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 9 шілдедегі № 129 (28607) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын азаматтық қорғау күштерi мен құралдары:
азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiнен;
авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан;
мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен;
азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның авиациясынан;
сел, тасқын және қар көшкіндері қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінен;
азаматтық қорғау құралымдарынан;
ішкі істер органдарынан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарынан тартылатын күштері мен құралдарынан;
халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүліктен тұрады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабар беру мына тәртіппен жүзеге асырылады.