«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi (Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 332 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 332 қаулысымен бекітілген

 

 

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi


1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт), сондай - ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығы негізінде (бұдан әрі - Бұйрық) ұсынылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында (Бұйрықтың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес) жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.