«Кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығы

Кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1, 29-1, 43-1-баптарына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

2. Адами ресурстармен жұмыс департаменті:

1) осы бұйрықтың көшірмесін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;

2) ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 9 қарашадағы

№ 687 бұйрығына қосымша

 

 

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 336-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8936 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 79 (28303) жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.