«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 597 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 48 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаға:
Компанияны корпоративтік басқару құрылымы (акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшерін көрсете отырып, Компанияның акциялары (қатысу үлестері) өзіне тиесілі заңды тұлғаларға қатысуы деген 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: