«Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 362 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13607 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықта тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.