«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 56 бұйрығы

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 56 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

102-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі өзгерген жағдайда өтінім берудің алдында аяқталған төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі база ретінде алынады. Бұл ретте, кірме жол бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі болмаған жағдайда, кірме жолдың көлемі өтінім берудің алдындағы аяқталған төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін кірме жол бойынша берілген вагондар саны деңгейінде ескеріледі.»;

мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын:

«106-1. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, субъектінің жөндеуге бағыттайтын қаражаты мемлекеттік көліктік бақылау органының анықталған бұзушылықтар туралы актісі мен жөндеу жүргізу құнының есептемесі негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.»;

165-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 245-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.