ҚР СТ IEC 61992-3-2017
Темір жолдарға арналған электрлік стационарлық жабдықтар
Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасы
3-бөлім
Тұрақты токтың ішкі қондырғыларының айырғыштары,
айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары
(IEC 61992-3:2015 Railway applications - Fixed installations - DC switchgear - Part 3:
Indoor d.c. disconnectors, switch-disconnectors and earthing switches, IDT)
Мазмұны
А қосымшасы(ақпараттық) Қажетті ақпарат
Осы стандарт «Темір жолдарға арналған электрлік стационарлы жабдықтар.Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасы» түріндегі жалпы атауы бар IEC 61992 сериясының бөлігі болып табылады.
IEC IEC 61992 тоғыз бөлімнен құралады:
1-бөлім: Жалпы ережелері;
2-бөлім: Тұрақты токтың автоматтық ажыратқыштары;
3-бөлім: Тұрақты токтың ішкі қондырғыларының айырғыштары, айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары;
4-бөлім: Тұрақты токтың сыртқы қондырғыларының айырғыштары, айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары;
5-бөлім: Тұрақты ток жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы асқын кернеуден қорғауға арналған разрядтағыштар және төмен кернеуді шектегіштер;
6-бөлім: Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасының жинақтамасы;
7-1 бөлім: Тұрақты токтың тартпалы жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы өлшегіш, бақылағыш және қорғаушы құрылғылар. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
7-2 бөлім: Тұрақты токтың тартпалы жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы өлшегіш, бақылағыш және қорғаушы құрылғылар. Токты оқшаулайтын түрлендіргіштер және токты өлшейтін өзге де құрылғылар;