Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы
(2025.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кіріспе 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.27.02. № 49 бұйрығымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2024.09.02. № 33 бұйрығымен (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
2) 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2-1) осы бұйрықтың 2-2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
3) 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3-1) осы бұйрықтың 2-3-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;