«Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 251 Қаулысы

«Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 251 Қаулысы

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444-15 тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.