«Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 186 бұйрығы

«Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 186 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесінде:

жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«бұйрығына 1-қосымша»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.