(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕ...

2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 101 шешімі

 

Осы редакция 2024 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер 12 433 414 мың теңге;

салықтық түсімдер 10 187 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 5 000 мың теңге;

трансферттер түсімі 2 226 014 мың теңге;

2) шығындар 12 433 414 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 158 611 мың теңге;

бюджеттік кредиттер 197 336 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 38 725 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен

операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерiн сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) -158 611 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профициттін пайдалану) 158 611 мың теңге;

қарыздар түсімі 197 336 мың теңге;

қарыздарды өтеу 38 725 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетін болып белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

жергілікті бюджетке төленетін тіркелгені үшін алым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.