Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 22/180 «2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 мамырдағы № 2/15 шешімі
ШЕШТІ:
1.«2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 05 қаңтардағы № 22/180 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер – 453 379 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 55 589 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 214 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 397 576 мың теңге;
2)шығындар – 453 686,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -307,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 307,6 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 307,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 15 мамырдағы
№2/15 шешіміне 1-қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№22/180 шешіміне 1-қосымша
2023 жылға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті