(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНДЕРІ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ»...

Осы редакция 2026 ж. 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

26-қосымша

 

 

«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

(2024.26.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі - портал);

2) экспорттық- импорттық операциялар үшін «Бірыңғай терезе» www.eokno.gov.kz (бұдан әрі - Бірыңғай терезе) ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.

Электрондық түрде жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш портал арқылы қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.