«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында:
4, 5, 6-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.
Субсидияларды есептеуді өтінім қосымшасына сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.
Дайындаушы ұйым өнімді өткізгенде осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан асырған жағдайда, субсидия мөлшері барынша рұқсат етілген құн бойынша есептеледі.