ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
10-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды
«Экологиялық ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.15.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап:
Көрстілетін қызметті берушіге- 10 күнтізбелік күнаралығында;
Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына- 10 күнтізбелік күнаралығында;
Мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына - 10 күнтізбелік күн аралығында.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты- 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда -15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут.