«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 180 қаулысымен бекітілген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.23.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 109 Қаулысымен күші жойылды

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.26.01. № 16 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.17.06. № 184 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.14.11. № 281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.23.09. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі

№ 180 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.23.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi- көрсетілетін қызметті беруші) және Орал қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрi - бөлім) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11284 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.