«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығы
(2025.08.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.22.09. № 343/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.29.09. № 353/НҚ бұйрығымен (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 137) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.22.09. № 343/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.