«2024 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1073 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2024 жылға мынадай:
1) кiрiстер - 20 194 797 994 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 12 674 497 409 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 1 443 392 658 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 130 221 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 6 070 777 706 мың теңге;
2) шығындар - 23 478 302 653 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 337 477 575 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 591 804 497 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 254 326 922 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 49 929 694 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -3 670 911 928 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 638 834 829 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,9 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 670 911 928 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: